«Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1112 бұйрығы (күші жойылды)

«Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1112 бұйрығы

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11578 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 24 шілдесінде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықтың «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына» 1-қосымшада:

11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде немесе ХҚКО-да оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары интернет-ресурстарда:

Министрлік: mid.gov.kz;

ХҚКО: www.con.gov.kz;

көрсетілетін қызметті берушінің: көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған»;

көрсетілген бұйрықтың «Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына» 2-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.